Техника эффективного общения Тиімді қарым-қатынас техникасы
Тақырыбы: «Тиімді қарым-қатынас техникасы» — «Техника эффективного общения»
Мақсаты:
«Отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын жіті меңгеру»
Өзектілігі:
Қарым-қатынассыз орта, қоғам болмайды. Себебі, адам қарым-қатынас жасамаса жүйкесіне кері әсер етеді. Адам алты күн ешкіммен сөйлеспесе, өз-өзімен сөйлесе бастайды. Егер де қарым-қатынас дұрыс болмаған жағдайда, адамның жүйкесіне, айналасындағыларға және жұмыс сапасына кері әсерін тигізеді. Ұжымдағы әріптестердің қарым-қатынасының дұрыс болмауы, олардың өзара бірлігінің әлсіреуіне және жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Мәселенің себеп-салдарын алдын алу үшін кез келген адам қарым-қатынас техникасын меңгерген жөн.
Тренинг кімдер үшін?
- Қарым-қатынасты дұрыстау арқылы жетістікке жеткісі келетіндерге;
- Отбасында, ұжымда және қоғамда ұнамды тұлға болғысы келетіндерге;
- Қарамағындағы адамдармен қарым-қатынасты жақсартқысы келетіндерге;
- Қарым-қатынас қақтығысын болдырмауды көздегендерге;
- Сынды қалай дұрыс жеткізу және оны қалай қабылдау керектігін меңгергісі келетіндерге;
- Басшыларға;
- Жалпы қарым-қатынас техникасын меңгеруді қалайтын тұлғаларға.
Күтілетін нәтижелер:
- Отбасында, ұжымда сізге деген құрмет атады;
- Сізбен қарым-қатынаста болған адамдар мен байланысыңыз күшейеді;
- Кемшілікті, сынды қақтығыс туындатпай қалай жеткізуге болатынын білетін боласыз;
- Өз қызметкерлеріңізбен дұрыс қарым-қатынас жолдарын игересіз;
- Жалпы қарым-қатынаст техникасын игересіз;
- Бұйырып дауыстап айтудан арылудың жолдарын меңгересіз.
Тренинг бағасы:
15000 тенге
Сұрақтарыңызбен осы телефон нөміріне қабарласыңыз: 8 (747) 715 19 77