Үйленуге үйрену
Тақырыбы: «Үйленуге үйрену»
Мақсаты:
Бойдақ жігіттер мен бойжеткен қыз балалардың отбасын құрудың маңызды әрі жауапты іс екендігіне, жар таңдаудың аса маңызды екендігіне көздерін жеткізу және болашақта жанұяларын бақытты етудің амал-тәсілдерін игерту
Өзектілік.
Ер жігіттің өміріндегі ең маңызды және жауапты сәттердің бірі болып «үйлену» саналса, ал бойжеткен қыздың өміріндегі маңызды сәттердің бірі «тұрмыс құру» болып саналады. ады. Өмірлік жарды таңдау зат таңдау сияқты оңай іс емес екені белгілі. «Он үште отау иесі» деген қазақ баласы бұл күнде отызды алқалап барып отау құрып жатуы таңқаларлық іс емес. Бұған қоса жыл сайын елімізде отау құрған жас жұбайлардың ресми 30% ажырасып жатқандығы бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі. Бұның себептерінің бірі болып жанұядағы татулықты ұстап тұра алмаймын деген қорқыныш, өмірлік отауын құруға болашақ жарды дұрыс таңдай алмау, шаңырақты мықты ететін амал-тәсілдерді игермеу және отбасылық өмірдің ыстық-суығына дайын болмау саналады.
Сіз аталған тренингке қатысу арқылы көптеген таң қаларлық мәліметтерге қанық боласыз.
Тренинг кімдер үшін?
- Шаңырақ көтеруді жоспарлап жүргендерге
- Отбасын құрып, шайқалтып аламын деп уайымдайтындарға
- Болашақ жанұясының бақытты болуын қалағандарға
- Болашақ жарды таңдаудың қағидаларын білгісі келетіндерге
- Болашақ жарын таңдап қойған, жанұялық өмірге қадам басқалы отырғандарға
- Жарыңызбен дұрыс қарым-қатынастың техникаларын игергісі келетіндерге
- Болашақ ұрпақтарының тәлім-тәрбиесіне уайымдайтындарға
- Жалпы жігіттерге
Күтілетін нәтижелер:
- «Үйлену»дің маңыздылығына көз жеткізетін боласыз
- Жар таңдаудың қағидаларын жетік меңгеретін боласыз
- Болашақ жанұяңызда орын алуы мүмкін кемшіліктер туралы мәліметтерді игересіз
- Жарыңызбен дұрыс қарым-қатынастың техникаларын игеретін боласыз
- Жас жұбайлар арасындағы махаббат отын лаулататын амал-тәсілдерді білетін боласыз
- Және тағы басқа
Басталатын күні:
8 шілде сағат 14:00 — 20:00 аралығында.
Тренинг бағасы:
15000 тенге , бірақ тек Сіз үшін Біз -30% жеңілдік жасаймыз!!
Ол үшін сіз төменкі онлайн формасын толтырып 5 шілдеге дейін жіберуіңіз керек, сол кезде тренинг бағасы Сіз үшін тек қана:
10500 тенге болады!!
Біздің мекен-жайымыз: |
Біздің телефондарымыз: |
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абaй проспекті 52 «В», 512 офис |
8(727) 392 24 99, 8707 8109965, 8771 458 74 86 e-mail: admin@alemnur.kz |